26.05.2017, 15:48
Қараулар: 8
Патриоттық жиын

Патриоттық жиын

Жуырда Тасқала ауданы ІІ Шежін ауылында  оқушылардың АӘД пәнінен алған теориялық білімдерін іс-тәжірибе негізінде жетілдіру мақсатында дәстүрлі 5 күндік әскери-патриоттық  оқу- далалық жиыны өтті. Оған 65 оқушы қатысты.

Жиынның  ашылу рәсімінде  аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник М. Дәрменов пен ардагер ұстаз А. Кравченко сөз сөйлеп, аталмыш шараның маңыздылығына тоқталды.

Болашақ жас сарбаздарды әскер қатарына дайындау, патриоттық сезімдерін ояту, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру бағытында ұйымдастырылған шарада оқушылар  АК-74 автоматын бұзып-жинау, жекпе-жек,  қоян-қолтық ұрыс бойынша өнерлерін көрсетті.

Салтанатты жиынның соңында  әскери-патриоттық тәрбиеге өз үлесін қосқан ардагер ұстаз Александр Кравченкоға Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник М. Дәрменов халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған төсбелгіні салтанатты түрде тапсырды.

Г.Кагирова

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар