26.05.2017, 15:50
Қараулар: 25
Колледждегі шеберлік класы

Колледждегі шеберлік класы

Колледждің оқу-материалдық қоры қазіргі заманғы интерактивті технологиялармен және түрлі үлгідегі құрылғылармен жабдықталған. Шәкірттер оқу шеберханаларында теориялық білімдерін ұштастыра отырып білім алады.


Жуырда Тасқала колледжінің өндірістік оқыту шебері Б.Латиеваның ұйымдастыруымен «Аспаз» мамандығы бойынша білім алатын І курс оқушылары шеберлік класын өткізді. Студенттер колледж қызметкерлеріне «Каллы» печеньесін  қалай тез дайындауға болатынын көрсетті. Мұндағы мақсат — оқушылардың шығармашылығы мен іскерлігін шыңдау болды.

Т.САҒИДУЛИИНА,

  Тасқала колледжінің әдіскері

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар