26.05.2017, 15:54
Қараулар: 32
Жас құтқарушылар аудан біріншілігінде

Жас құтқарушылар аудан біріншілігінде

        Тасқала аудандық Төтенше жағдайлар және №13 Өрт сөндіру бөлімінің ұйымдастыруымен аудан орталығындағы «Жастар» стадионында 10 сынып оқушыларымен  мектепаралық «Жас құтқарушылар» сайысы өткізілді.

Оған  аудан бойынша 5 орта мектептен 25 оқушы қатысты. Әр мектептің құрамасы Алғашқы әскери дайындық пәнінің  мұғалімдері мен  бес оқушыдан құралды.

Жарыс қорытындысы бойынша  шыдамдылық пен жылдамдықтан үздік нәтиже көрсеткен «Тасқала колледжінің» студенттері  1 орын, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушылары 2 орын, С.Жақсығұлов орта мектебі 3 орынды иеленді.

Жарыс  жеңімпаздары мен жақсы нәтиже көрсеткендерге аудандық  Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры М. Шауеновтың  атынан құрмет грамоталары тапсырылды.

Б.Конатаров,

Тасқала ауданы ТЖБ аға инженері

азаматтық қорғау лейтенанты 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар