30.05.2017, 15:02
Қараулар: 11
Жұмыла күресу керек

Жұмыла күресу керек

Жұма күні Тасқала аудандық аумақтық инспекциясы мекемесінің ғимаратында аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез, мәслихат депутаты, мәдени-демалыс орталығының директоры Ж.Бисенғалиева, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры А.Нұрмақов,аталмыш мекеме қызметкерлерімен кездесті.


Кездесу барысында С.Рахимов Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын түсіндірсе,  Ж.Бисенғалиева мен А.Нұрмақов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы өз баяндамаларын оқыды.

Сондай-ақ   Д.Ғазез сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүгінгі күннің басты мәселесі екенін айтып өтіп, оған жол бермеу үшін жүйелі жұмыс жасау қажеттігін алға тартты.

Ә.БЕКЕШЕВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар