30.05.2017, 15:08
Қараулар: 13
Садақаны сауыңда бер!

Садақаны сауыңда бер!

Жұма күні «Жастар» стадионында аудан тұрғындарының атсалысуымен садақа берілді.


Сауабы мол шарада аудандық мешіттің бас имамы А.Ибрашев құран оқып, қашанда елімздің аман, жеріміздің тыныш әрдайым халқымыздың бірлікте, ынтымақта болуына және дүниеден өткен ата-баба рухына арнап дұға тіледі.

Сондай-ақ Айдын Бақытұлы жиылған қауымға садақаның сауабы туралы, дүниеге құмартпай жиған тергеніңді осындай игілікті іске жұмсау жайында әсерлі уағыз айтты.

Сонымаен қатар садақада ауыл ақсақалдары сөз сөйлеп, бұндай игі шараның өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа берері мол екендігін айтып өтті. Жыл сайын өткізіліп келе жатқан игілікті шараға үлкен қолдау білдірген аудан әкімшілігіне өз ризашылықтарын жеткізді.

Өз тілшіміз

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар