30.05.2017, 15:11
Қараулар: 8
Жерлестеріміз жарады

Жерлестеріміз жарады

25-27 мамыр күндері  Орал қаласында ҚР  рәміздерінің 25 жылдығына және мемлекеттік қызметшілер күніне арналған облыстық спартакиада өткен болатын. Аталмыш сайысқа Орал қаласы он екі ауданның мемқызметкерлері қатысты.


Футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, қол күресі, гір тасын көтеру, жеңіл атлетика, жүзу, шахмат, отбасылық эстафета секілді спорт түрлерінен сынға түскен Тасқалалықтар өзгелерден оқ бойы озып шығуғатырысып, жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтар болсақ, жеңіл атлетикадан 60 метрге жүгіру бойынша Г.Ерғалиева  І орын алса, 100 метрге жүгіруде  Е.Ешмұхамбетовте есе жібермей І орынды қанжығаға байлады. Ал, 3000 метрге жүгіруде Б.Мұқашев ІІ орынды еншіледі. Қалған спорттық сайыстарда да жерлестеріміз оң нәтиже көрсетті. Командалық есепте баскетболдан (ерлер) І орын, үстел теннисінен ІІІ орын, жеңіл атлетикадан ІІ орынды иеленді.

Осылайша Тасқалалықтар 255 ұпаймен жалпы командалық есепте бесінші орынға жайғасып, аудан әкімдіктерінің үздік үштігіне енді.

Өз тілшіміз

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар