30.05.2017, 15:14
Қараулар: 8
Батыр бабамызды еске алды

Батыр бабамызды еске алды

Жуырда аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен  ҚР ҚК 25 жылдығына Ұлы Жеңістің 72 жылдығына және  Кеңестер Одағының Батыры жерлесіміз Садық Жақсығұловты еске алуға арналған қазақ күресінен 2006-2008 жылы туылған  жасөспірімдер арасында Тасқала ауданының ашық біріншілігі өтті.


Жарысқа Ақтөбе, Орал қалалары,  Шыңғырлау ауданы, Тасқала ауылы және  Саулет «МЛ», Жақсығұлов ЖОББМ, Ы.Алтынсарин ЖОББМ, Қ.Сәтпаев ЖОББМ, Ақтау, Амангелді, ІІ-Шежін, Оян, Шипов ауылдық округтерінің спортшылары қатысты.

Жарыстың ашылу рәсімінде Батыр атамыздың інісі Жауынбай аға сөз сөйлеп, жас палуандарға сәттілік тілеп, ақ батасын берді.   Белдесу бәсекесі нәтижесінде 20 кг салмақта А.Бисен (Тасқала БЖСМ), 23 кг салмақта Қ.Амаегелди (Ақтөбе қаласы), 26 кг салмақта  Ф.Серік (Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы), 29 кг салмақ дәрежесінде А.Сапарғали (Тасқала БЖСМ), 32 кг салмақта  А.Ақболатов (Ақтау ауылы), 35 кг салмақта А.Бақытжанов (Ақтау ауылы),  38 кг салмақта  Е.Исмағұлов (Тасқала БЖСМ), 42 кг салмақта  Е.Сержанов (Амангелді ауылы), +42 кг салмақта  Е.Жандосов І орынды (Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы) иеленді.

Жарыс соңында жеңімпаздар диплом және медальдармен марапатталды.

Өз тілшіміз

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар