15.06.2017, 16:50
Қараулар: 15
Сот төрағасы қабылдау өткізді

Сот төрағасы қабылдау өткізді

«Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалында Тасқала аудандық сотының төрағасы Асланбек Дүйсенғалиев тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.


Асланбек Шәріпұлы қабылдауда болған азаматтарға заңдық негізде көмек көрсетіп, түйткілді мәселенің шешілу жолдарын көрсетті. Кейбір сұрақ бойынша, тиісті мекемлерге нақты тапсырмалар берді.

Сот төрағасына тұрғындар негізінен құқықтық мәселелер бойынша жүгініп, тұйықтан шығар жолды сұрады. — Заңдық кеңес бергенде адам құқықтарының бұзылмауына мән беріледі. Бір адамға кеңес беру арқылы, екінші бір адамның құқығын бұзбауымыз керек, — дейді Асланбек Шәріпұлы.

«Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалында мекеме басшылары мен құқық қорғау органдары жетекшілерінің қоғамдық қабылдауы кестеге сай өтіп жатқандығын айта кетейік.

Өз тілшімізден

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар