15.06.2017, 16:52
Қараулар: 15
Жол қауіпсіздігін сақтау – баршаның міндеті

Жол қауіпсіздігін сақтау – баршаның міндеті

Еліміздің инфрақұрылымы дамып, сапалы жол жөндеу жұмыстары өз нәтижесін беріп келеді. Бұл  даму сатымыздың көтерілгенін дәлелдейді. Алайда, соңғы уақытта жол көлік оқиғаларының жиілеп кетуі халық арасында үлкен алаңдаушылық туғызып  отыр.


            Аталған мәселеге байланысты аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Сафималиевтің төрағалығымен жол қозғалысы қауіпсіздігі жөнінде комиссия отырысы өтті.

Күн тәртібінде  жазғы демалыс уақытында балалардың жол-көлік оқиғаларының алдын алуы  бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы А.Нарымбаев пен   ішкі істер бөлімінің жергілікті техникалық инспекция тобының аға инспекторы А.Исенғалиевтің жұмыстары қаралып, есеп берді. Шара барысында  жүргізушілердің жол көлік оқиғаларын болдырмай, оның алдын алу мақсатында бейнебаян көрсетілді.

Сонымен қатар басқосуда аудан орталығынан Орал қаласына қатынайтын жеке такси жүргізушілерінің көліктерін техникалық байқаудан өткізіп, заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес құжаттарын жабдықтау қажеттігі сөз болды.

Әсемгүл Бекешева

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар