15.06.2017, 16:54
Қараулар: 16
Жемқорлықпен күрес күшеюде

Жемқорлықпен күрес күшеюде

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Кәсіпкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, орта және шағын бизнестегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов, прокурор М.Изимов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Д.Ғазез және мекеме басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.


Отырысқа басшылық жасаған «Тасқала әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы В.Завгарина сыбайлас жемқорлықтың ел экономикасының қарқынды дамуына кері әсерін тигізетінін тілге тиек етті. Сондай-ақ аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлкеттік әлеуметтік тапсырысы аясында маусым, шілде және қазан айларында сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында түрлі форматта шаралар өткізілетінін жеткізді.

Басқосуға қатысқандар жемқорлықтың шығу себебін анықтайтын сауалнама толтырды. Жиында  кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Т.Нарушев пен  мемлкеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы З.Сұлтанғалиевтың,  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Д.Ғазез бен  тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы А.Қуатованың баяндамалары тыңдалды.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар