15.06.2017, 17:03
Қараулар: 12
Көрменің ашылуын тамашалады

Көрменің ашылуын тамашалады

2012 жылғы 22 қарашада Халықаралық көрмелер бюросына мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, «ЭКСПO – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалғандығын болатын.


9 маусым күні «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің ашылуына орай  «Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалының мәжіліс залында белсенді аудан жастары басқосты.

Жиынға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез, жастар ресрустық орталығының басшысы Рауан Сатыбалдиев және «Намыс» ЖҚБ төрайымы Гүлзада Мулдашева қатысты.

Шарада жастарға көп жылдық тарихы бар ЭКСПО-ның басты ерекшелігі, «Экспо — 2017» халықаралық көрмесінің Қазақстан үшін маңызы мен ел дамуына қосар үлесі жайлы ақпараттар беріліп, видеороликтер көрсетілді.

Шара соңы тікелей эфирден «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің ашылу рәсімін тамашалаумен жалғасты.

Өз тілшіміз

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар