15.09.2017, 9:59
Қараулар: 112
Жылыту маусымына дайынбыз ба?

Жылыту маусымына дайынбыз ба?

Санаулы күндерден соң жылу беру маусымы басталады. Ал оған аудан толықтай дайын ба? Бізді қызықтырған осы сауалға жауап алу үшін оған жауапты мекемеде болып мамандардың жауабын білдік.


Барлық мекемелердің жылыту маусымына дайындығын тексеру барысында  бір ай бұрын 10 адамнан тұратын штаб құрылған болатын. Аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиеваның басшылығымен штаб өкілдері ауылдық округтерді аралап, күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындықты тексеріп шықты. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде кемшіліктер назарға алынып, жылыту қазандықтарына көңіл бөлінді.

Ал, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жалпы аудан бойынша үстіміздегі жылдың жылыту маусымына 34 тонна қатты отынды әлеуметтік нысандарға жұмсау жоспарланып отыр.

  • Автономды жылу қазандығынан тұратын 25 нысан білім бөлімінің инфроқұрылымына жатады. Оның 24-і  678 мың теңгені құрайтын ағымдағы жөндеуден ал 1 нысан (Жас туристер станциясы) 10 млн теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Ал мәдениет саласында барлығы 26 кітапхана ғимараты болса, Өркен, Черная Падина,Қалмақ Шабын және Кеңжайлау сынды елдімекендердегі кітапханалар  көмірмен жылытылады. Қалған 22-і көгілдір отынға қосылған.

Сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқындағы «Тасқала аудандық орталықтандырылған ауруханасы» мемлкеттік коммуналдық кәсіпорны құрамында 20 емдеу нысаны тіркелген. Мұнда көгілдір отынмен жылытылатын 14 аурухана болса, Беленький, Ынтымақ, Кеңжайлау, Жігер, Аққайнар мен Тоғайлы ауылдарындағы  медициналық пункттер көмірмен қамтамасыз етіледі,- дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы М.Губашев.

Сонымен қатар мекемелерге қатты отынды сатып алу мақсатында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жалпы соммасы 320 мың теңгені құрайтын 16 тонна қатты отын алу жоспарланған. «Талап» акционерлік қоғамы 4 кітапханаға қатты отынды жеткізуді қыркүйек айының соңына көздеп отыр. Ал денсаулық саласына «Испембетов М.М» жеке кәсіпкерлігі 396 мың теңгеге 18 тонна отынды жеткізіп берді. Бұл 6 емдеу нысанына жұмсалмақ.

Кезекті сөзінде Мейрамбек Амангелдіұлы қазан айының орта шамасынан басталып сәуір айына дейін жалғасатын жылыту маусымы кезінде қауіпсіз ережелерін мейлінше қатаң сақтау қажеттігін тілге тиек етті. Себебі тілсіз жау саналатын от қаупі үлкен зардап әкелетінін естен шығармаған абзал деді.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар