28.09.2017, 16:02
Қараулар: 14
Жастардың айтары бар

Жастардың айтары бар

«Руханият» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Діннің діңгегі жастар» тақырыбында іс-шара өтті. Оған әртүрлі салада қызмет етіп жүрген жастар қатысты.


Басқосуда Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі И.Байдушев қазіргі таңда өртеніп тұрған өзекті мәселенің бірі – жастардың жат діни ағымына кіріп кетулері екенін айтып, бүгінгі жас буынды дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтау үшін діни сауатын арттыру қажеттігін жеткізді.

Сүйек іздеген бұралқы иттер сияқты сумаңдап жүретін бұл ағымнан жастардың бойын алшақ ұстау үшін әрбір ата-ана  ұл-қызын мұқият қадағалу керек екені айтылды. Тіпті балалары бес уақыт намазға бет бұрған күнде оның дұрыс немесе бұрыс жолда жүргендігін білу үшін мешіт имамдарының алдына алып барса да артық етпейтіндігі сөз болды.

Жиында тек діни мәселе айтылған жоқ. Ұрпақ тәрбиесі, кәмелетке толмай жатып жүкті болып жатқан бойжеткендер т.б. қоғамдағы орын алып жатырған келеңсіз оқиғалар туралы жастар өз ойларын ортаға салды.

Өз тілшіміз

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар