27.10.2017, 17:43
Қараулар: 25
ҚЫЗМЕТ НЫСАНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

ҚЫЗМЕТ НЫСАНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының орынбасары А.Шпекбаев ауданымызға ат басын тіреді.


    Агенттік өкілі аудан әкімдігі жанындағы жұмыспен қамту орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық орталықтандырылған аурухана мен мемлекеттік кірістер басқармасын аралап, жұмысымен танысып,  халыққа көрсетілетін қызметтердің қаншалықты сапалы екендігіне көз жеткізді.

Іссапар соңында аудан активімен кездесу өткізген Алик Жатқамбайұлы жергілікті билік өкілдеріне қай салада болмасын мемлекеттен көрсетілетін қызметтерді алу кезінде азаматтарға қолайлы жағдай жасау қажеттігін баса айтты.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА