АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Қызметкерлер марапатталды

Күні , 1 740 рет оқылды


«Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай Орал қаласында аталмыш сала үздіктерін марапаттау салтанаты өтті.
   Осы орайда ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан бір топ сала қызметкерлерінің еңбегі еленді. Алдымен ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Шукуров марапатталды. Сондай-ақ аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Керейәулеті өз саласының үздігі деп танылып, өңір басшысы А.Көлгіновтің алғыс хатын иемденді. Бұған қоса, мемлекеттік бағдарламалар аясында белсенділік танытып келе жатқан шаруашылық жетекшілері Н.Хасанов пен Н.Аюпов, «Луч» шаруа қожалығының механизаторы Н.Хохлов үздік деп танылды.

Әсем СЕРІКҚАЛИ


Пікір қалдыру


БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Жақсығұлов көшесі, 5
zhaik_presscenter@mail.ru
ekpin_1936@mail.ru

"Екпін" газетінің бас редакторы: 8 (71139) 21-1-32
.