13.12.2017, 18:10
Қараулар: 22
Қос ауылдың қуанышы

Қос ауылдың қуанышы


Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Тасқала ауданының Мерей ауылдық округінде «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында таза ауыз су жүйесі іске қосылды.


Халық қуанышына ортақтасқан аудан әкімі Санжар Әлиев мерекемен құттықтап,  ел игілі үшін жүзеге асатын жобалар әлі де жалғасатынын жеткізді.

Жалпы жобалық құны 253 млн. 206,0 мың теңге құраған жоба нәтижесінде Мерейде 228, Тоғайлыда 41 аула таза ауыз сумен қамтылды. Тапсырысты орындаған бас мердігер «Құрылысгаз» ЖШС-і жұмысты ойдағыдай аяқтап, мерзімінен бұрын тапсырды. Су құбырының ұзындығы — 23,77 шақырым.

Құбыр мұнарасын салтнатты түрде аудан әкімі С.Әлиев пен ауыл ақсақалы А.Бакишев ашты.

Ауыз су мәселесінің оң шешім тауып, тындырымды іс атқарылғандығына тұрғындар атынан Абай Бакишев алғысын жеткізді.

 

Динара НАСЫР