28.12.2017, 14:50
Қараулар: 10
Жаңа жылдық кеш жалғасуда

Жаңа жылдық кеш жалғасуда


Жұмыспен қамту орталығында бүлдіршіндерге арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты іс-шара өтті. Оны үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі ұйымдастырды.


Шарада аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы А.Ғұбайдуллин мен «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Молдашева бүлдіршіндерді жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

            Мұнан соң аяз ата мен ақшақармен бірге шыршаны айналды. Балалар тақпақтар айтып түрлі тәттілер алды. Шара соңында А.Ғұбайдуллин мен Г.Молдашева тәтті толы пакеттер мен ойыншықтар таратты.

Өз тілшіміз