4.01.2018, 11:22
Қараулар: 147
Деркөл бөктеріндегі қос тау

Деркөл бөктеріндегі қос тау


Деркөл өзенінің оң жағында, Ортақ Сырттан оңтүстікке қарай енділік бағытта Деркөл бөктерлері табиғи кешені орналасқан. Деркөл атауының пайда болуының да көптеген болжамдары бар. Алайда біз ең мүмкін деп саналатын үш топонимикалық нұсқасына ғана тоқталып өтеміз. Түркі транскрипциясында «дюрт» — «төрт», ал «куль» — «көл». Моңғол-қалмақ тілінде «дере» «жастық» деп аударылады, ал «гол» «өзен», яғни «демалыс өзені». Сонымен қатар, «дергил» сөзі де кездеседі. Мағынасы «түгел», «тұтас». Қазақ сөздігінде «дер» — «қыңыр», «епті, икемді», ал «кул» — «қызметші», яғни «епті қызметші», немесе Шаған өзенінің саласы.


Деркөл бөктерінде бірнеше микрокешендер көзге түседі. Олар: Глазистая және Сандық тауы. Глазистая тауының биіктігі 196 м. Атауының шығу тегі «Көз» сөзімен тікелей байланысты. Басқа биік шыңдардың қасында ерекшеленіп тұратын бұл биіктік айналаны бақылайтын зерек адамның жері бола алады. Шыны керек, ежелгі Русь елінде «Көзді адам» деп өте қызғаншақ, іші тар адамды атаған.

Сандық тауды ештеңемен шатастырмайсың. Ол квадрат пішінді. Мүмкін сол ерекшелігі арқылы атауын алған шығар. Бұл атау татардың «сандык»  сөзінен пайда болуы туралы болжам бар. Бірақ жергілікті тұрғындардың айтыунша бұл жерде басқа оқиғаның әңгімесі жатыр. Өте ертеде бұл тауда қарақшылар өмір сүрген. Олар керуендерді тонап, ортақ байлықты сол таудың бөктерінде сақтаған.  Бұл әрекеттері ханның ашуын келтіріп,  әскер жіберіп қарақшылардың барлығын тұтқындайды. Алайда қаншама қорласа да, қарақшылар қазынаның тұрған жерін айтпаған екен. Іздеу жұмыстары да пайда әкелмейді. Ал қазына болса сол таудың ішінде әлі де тұр. Сол кезден бері тауды Сандық деп атаған, яғни қазыналы сандық.

Атаудың шығу тегі туралы осыған ұқсас түсіндірме бар. Ол казактардың Орал, Шаған, Деркөл өзендерінде орналасуымен байланысты. Патшаға салық жинап, Мәскеуге аттанған казактар Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне соқтығады. Казактарды ұзақ қуады, кейін олар таудың айналасына қазынаны салып қоюға мәжбүр болады. Тіпті қазіргі таңда да сол қазынаны табуға үміттенетіндер жетіп артылады.

Сандық – теңіз деңгейінен 133 м биіктікте орналасқан тау. Үстелге ұқсағандықтан оны Үстел тау немесе Сандық тау деп атайды. Жаңдары тегіс көрінеді, әрі үлкен ойықтары да бар. Тауға жақындағанда барлық Сандық тауларға тән ассиметрия дереу байқалады, оң жағы(Орал-Озинки автожолына қарай) – «сандық» бөктері дереу төменге түседі, сол жағы – аңғарға түседі. Осы таулар ХҮІ-ХХ ғасырларда болған оқиғалардың үнсіз куәгерлері – көшпенді халықтардың отырықшылыққа ауысуы, олардың бірігуі мен қақтығыстары, азамат соғысы, тың жерлерін азат ету сияқты оқиғалар. Күні кешеге дейін мектеп оқушылары жасақтайтын экспидициялар кезінде сол уақыттың соғыс жәдігерлері, снарядтар, оқ-дәрі қалдықтары және тағы басқалары табылып жатыр.

 

    Н.ВОЛОГИН,

С.Жақсығұлов атындағы мектептің мұғалімі,

өлкетанушы