7.02.2018, 15:31
Қараулар: 54
Адал азаматқа құрмет көрсетілді

Адал азаматқа құрмет көрсетілді

 


Тасқала ауданындағы есептік кездесуде облыс әкімі Алтай Көлгінов аудандық №13 өрт сөндіру бөлімінде қызмет атқаратын Аманбай Нажмиддиновке алғыс хат табыстады.


-Жақында жақсы жаңалық естідік. Өздеріңіз білесіздер жақында Тасқала ауданы  Төтенше жағдайлар бөлімінде қызмет атқаратын Аманбай  Нажимиддинов ауыл тұрғыны түсіріп алған бір миллион теңгені кездейсоқ тауып  алып, ақшаны иесіне қайтарып береді. Бұл мақтанарлық жағдай. Өз елінің патриоты деген осындай болу керек. Біз  оны мақтан тұтамыз. Өз атымнан және облыс халқы атынан алғыс айтқым келеді. Бұл үлкен тәрбие. Қоғамымызда патритотизмнің дамығанын көрсетеді, — деді облыс әкімі.

Айта кетейік, 16 желтоқсан күні аудан орталығындағы мешіттің қасынан Аманбай әмиян тауып алады.

— Қасынан өте бергенімде, әмиян жатқанын байқап қалдым. Жерден көтеріп, иесінің байланыс мәліметтерін іздей бастадым. Байқағанымдай онда ірі көлемде ақша, жеке куәлік, шет елдік паспорт пен басқа заттар бар. Кейін әмияннан иесінің телефон нөмірін тауып алдым. Келесі күні әмиянын алып, маған алғысын білдіріп кетті, — дейді А.Нажмиддинов.

Кейін анықталғандай, әмиян иегері И.Сариев болып шықты. Ол Таскала ауданының тұрғыны екен. Ресей Федерациясының Тобольск қаласында қызметте. Аманбайдың сөзінше, әмиянда тек Ильястың ақшасы емес, өз отбасынан жырақта жүріп, напақасын тауып жүрген бірнеше адамның жалақысы да болған.

 

Н.ЖӘРДЕМОВА