6.02.2018, 16:46
Қараулар: 7
«Жүз жол біреуі сенікі»

«Жүз жол біреуі сенікі»


Дәл осындай тақырыппен «Сәулет» мектеп лицейінің базасында 9-11 сыныптарға кәсіби бағдар беруге арналған фестивальдің ашылу салтанаты  болды. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласынан  туындайтын «Тәрбие және білім кіші бағдарламасының  «Саналы азамат» базалық бағыты бойынша өткен аталмыш шара аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен және   жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың қолдауымен өтті.


Оған М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың орыс филология кафедрасының аға оқытушысы С.Төрғалиева, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың ҰБТ өткізу пунктінің жетекшісі Н.Абекешов, БҚИТУ «Тілдер және менеджмет» факультетінің кәсіптік бағдар беру бөлімінің басшысы Р.Ислямов, КАЗИИТУ кәсіптік бағдар бөлімінің маманы О.Базарбайұлы, ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің академиясы атынан Тасқала шекара комендатурасының майоры А.Закиров, Көкшетау техникалық институты атынан аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы М.Шауенов және 171 мектеп оқушысы  қатысты.

            Қоғамның қажеттілігіне қарай әр оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескеріп, оларға  мамандық таңдауда жол көрсету мақсатында өткен шарада мамандар мамандық таңдауда қателесуге болмайтындығын айтты.

-Өмірден қателеспей өз жолыңды тауып, ата-ананың, ұстаздың үкілі үмітін ақтау әр оқушының парызы. Қазірден  бастап,  қандай маман иесі болатындарыңызды бағамдай беріңіздер, — десті олар.

Бұдан кейін оқушылар аудан орталығында орналасқан «Рамазан»,  «Шотанов» жеке кәсіпкерлігіне, «Тасқала нан» ЖШС-ға, сондай-ақ, төтенше жағдайлар бөлімі мен Тасқала шекара комендатурасына барып, олардың жұмыстарымен танысып, ойларымен бөлісті

Е.ЕЛЕКЕНОВ