8.02.2018, 14:11
Қараулар: 401
Темірден түйін түйген

Темірден түйін түйген


«Рухани жаңғыру» бағытында ұлттық сананың өзгеруіне, қоғамның дамуына қоғамдық кеңестің қосатын үлесі мол. Осыған орай 2-Шежін ауылында былтырғы жылы  «Аналар кеңесі» құрылып, оның төрайымы болып Марфуға Ишмуханбетова бекітілді.


Кеңес мүшелері уақыттарының негізгі бөлігін ауылдық мәдениет үйі мен модельдік кітапхана ұжымымен  бірігіп тәрбиелік мәні бар шаралар өткізуге  жұмсайды.

Соның бір дәлелі кешегі өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  «Туған жер» кіші бағдарламасы аясында жүрегі мейірімге толы, темірден түйін түйген ауылымыздың сыйлы азаматы Рафхат Байтуковтың қатысуымен өткен «Жаныңда жүр жақсы адам» —  атты «Дара жол» кеші.

Аталмыш шараға Шежін мектебінің 10-11 сынып оқушылары мен ауыл ақсақалдары, сондай-ақ әжелер қатысты.

 Рафхат Ермекұлының ауласындағы қиял ғажайыпқа толы балалар ойнайтын демалыс орнындағы туындылар тілге тиек болды. Мысалы биік бәйтерек басындағы құс ұясы. Бұл туынды жанұя бірлігі мен  татулықты аңғартқандай.

Аялы алақандағы терек табиғатқа, қоршаған ортаға деген жанашырлықты, қамқорлықты білдіреді.

Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі Пакизат көршісіне  арналған  әлпеншек оның жан-жағына айналып қарауы үшін арнайы жасалған.

«Өнер адамының рухани азығы, халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы»,-деп Б.Момышұлы айтқандай  арамызда өз кәсібін тек күнкөріс көзі ғана емес, өмірге, қоғамға пайдалы іс әрекетке арнаған Рафхаттай өнерлі жанның бұл ісі кейінгілерге үлгі.

 

 

 

Азиз ИБАДИЛЬДИНА,

аналар кеңесінің мүшесі