12.02.2018, 12:30
Қараулар: 18
Кезектен тыс сессия

Кезектен тыс сессия


Аудан әкімі С.Әлиевтің қатысуымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXI сессиясы өтіп, оған Н.Құрмышева төрайымдық етті. Оған аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов пен ауыл әкімдері, мекеме басшылары  қатысты.


Жиында алдымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Э.Бисалиеваның баяндамасы тыңдалды. Мұнда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы жұмысқа келетін  әр саладағы мамандарға көтерме жәрдемақы беру мәселесі сөз болды. Сондай-ақ мамандардың тұрғын үй салуға немесе сатып алуға бюджеттік несие беру мәселесі де тілге тиек болды. Эльвира Максимқызының айтуынша аталмыш мәселеге қатысты жұмыстар  өз шешімін табуда.

Мұнан соң  жергілікті полиция басшысы А.Қасымов баяндама жасап, сессияға қатысушыларға 2017 жылдың ІІ жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

-Кәмелет жасқа толғандардың қоғамдық орындарда қылмыс жасау әрекеттері айтарлықтай азайды. Өткен жылы аудан аумағында 3 жол апаты оқиғасы тіркелді. Сондай-ақ мал ұрлығы бойынша да тіркелген істер ашылып, себептері анықталды. Айта кетейік, ұрлықтың орын алуына тұрғыдардың малды  қараусыз қалдыруы  себеп болып тұр. Аталмыш мәселелер бойынша ауыл тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді,- деді Арман Айжарықұлы өз сөзінде.

Жиын барысында аудан әкімі аппаратының басшысы М.Мырзаш ауданымызға еңбегі сіңген архитектор, құрылыс саласында қызмет еткен А.Сытдықов пен мәдениет майталманы М.Әмірхановқа «Тасқала ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсынысын ортаға салды.

Әсем СЕРІКҚАЛИ