14.02.2018, 13:45
Қараулар: 34
ТАСҚАЛА АУДАНДЫҚ №13 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ТАСҚАЛА АУДАНДЫҚ №13 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ


ҚР ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі басшысының уақытша міндетін атқарушы польковник А.Сармулдиннің 12 ақпан 2018 жылғы №28 бұйрығына сәйкес Қонатаров  Бейбіт  Қайноллаұлы  Тасқала аудандық №13 өрт сөндіру  бөлімінің басшысы болып тағайындалды.


Қайноллаұлы 1984 жылы 8 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ . Білімі жоғары. Үйленген.

2006 жылы Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық университетін эколог мамандығы, 2016 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құрылыс материалдары мен бұйымдарын  және құрастырылымдарын өндіру» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Алғашқы еңбек жолын 2006 жылы «ОралСәулетСервис» құрылыс  компаниясында  күзетші болып бастаған.

Сол жылы әскерге шақырылып, Өскемен қаласындағы  №5518 ә/б бөлімшесінде  аға барлаушы  лауазымын атқарады.

2008 жылы Орал қаласындағы «Semcer-Sicuruti»ЖШС-де күзетші-кинолог болып қызмет істейді.

2009 жылы Азаматтық қорғау қызметі органдарында БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Тасқала ауданы №13 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі болып еңбек етеді.

2017 жылы БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің Тасқала Төтенше жағдайлар бөлімінде аға инженер және 2017 жылдың тамызынан бастап БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Тасқала ауданы №13 өрт сөндіру бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарған.

«Екпін» ақпарат