1.03.2018, 19:02
Қараулар: 120
Ел алғысы шексіз

Ел алғысы шексіз


Жер арқасы кеңіп, көктем шуағына бөленген мезгілмен қатар келген Алғыс айту мерекесі қарсаңында аудандық мәдени-демалыс орталығы көркемөнерпаздары ауыл тұрғындарына әдемі кеш сыйлады. Мерекелік шара аудан әкімі С.Әлиевтің құттықтауынан кейін, «Нұр Отан» партиясы қатарына қабылданған азаматтарға партиялық билет табыс етуімен ұласты.


   Өз сөзінде аудан басшысы Санжар Жұматайұлы еліміздің бірлігі мен егемендігінің мәңгілік болуын тіледі.

-Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан еліміз әлемге үлгі боларлықтай. Себебі ұлт пен нәсілге бөлінбей, ел бірлігін сақтау – үлкен абырой. Салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып, ұрпағымызға ұлттық тәрбие берумен қатар, өзге халықтың да өнерін үйретуіміз қажет. Бұл жолмен біз жас буынның бірлік пен ынтымақтың қадірін түсіне білуге тәрбиелейміз. Достығымыз мәңгі, еліміз абыройлы болсын,- деді аудан әкімі С.Әлиев.

Шара барысында көркемөнепаздардың әдемі әндері тыңдалды. Сондай-ақ мектеп оқушыларының дайындаған әдеби монтаждары мен оқыған өлеңдері көптің көңілін шықты.

Әсем СЕРІКҚАЛИ