2.03.2018, 16:03
Қараулар: 255
Мерейге жаңа әкім тағайындалды

Мерейге жаңа әкім тағайындалды

 


Тасқала аудандық сайлау комиссиясының шешімімен, Тасқала ауданының әкімі С.Әлиевтің өкімімен Мерей ауылдық округінің әкімі лауазымына Нарыков Мэлс Жасанғалиұлы тағайындалды.


Жаңа әкімді ұжымға таныстырған аудан әкімі Санжар Жұматайұлы алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Өз кезегінде Мэлс Жасанғалиұлы аудан басшылығына сенім білдіргені үшін ризашылығын айтып, алдағы қызметті абыроймен атқаратынын жеткізді.

Мэлс Жасанғалиұлы Нарыков 1983 жылы 27 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Каменка селосында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2006 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы Оян мектебінің мұғалімі болып бастаған. 2006-2007 жылдары Қосшы ауылдық округі әкімі аппаратының әлеуметтік сала сұрақтары бойынша бас маманы, 2007 — 2008 жылдары Қосшы селолық округ әкімі аппаратының бас маман-жетекшісі, 2008 жылдан 2010 жылдың сәуіріне дейін Тасқала аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы қызметін атқарған. 2010 жылы Тасқала аудандық «Екпін» ЖШС директор-редакторы, 2010 жылдың қазанынан 2013 жылдың қарашасы аралығында Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры, 2013 жылдың 15 қарашасынан бастап Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.

Динара БЕРІШ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар