6.03.2018, 9:52
Қараулар: 113
Қатаң сөгіс берілді

Қатаң сөгіс берілді


«Екпін» газетінің №5 санында, облыстық «Орал өңірі» газетінің №14 санында жарық көрген тілші Е.Елекеновтың Тасқала аудандық ауруханасында мамандардың неліктен кетіп жатқандығын, электронды таблоның неліктен қойылмағандығын, сонымен қатар шекарашы жігіт пен бір жарым айлық нәрестенің өліміне қатысты «Өзекті жанға бір өлім деске те дәрігерлер неге дайын тұрмайды?!» атты жазылған сыни мақаласына орай аурухана басшылығы былайша жауап береді.


Қазіргі уақытта  аудандық ауруханада акушер-гинеколог, педиатр, кардиолог, анестезиолог-реаниматолог, ЛОР-дәрігері жетіспейтіні рас. Қажет мамандардың тізімі облыстық денсаулық сақтау басқармасына берілді. Бүгінде Орал қаласындағы акушер-гинеколог және кардиологпен келісімшарт жасалды. Алматыдағы, Ақтөбедегі ЖОО-ларға сұраныс жіберіп, керек мамандарды шақырамыз.

Рентгенолог біліктілігін арттыру курсынан өтіп сертификатын алды.  Оған дейін рентгенографиялық қорытындылары талдау келісімшарт бойынша Орал қаласының рентгенологы іске асыруда. УЗИ диагностикасы бойынша дәрігер біліктілігін арттыруда. Кардиолог маманы баласының жасқа толмауына байланысты тек сенбі күні жұмыс жасайды.

Электрондық табло орнату  мәселесі бойынша Тасқала ауданында халық санының аздығына байланысты (Тасқала ауданы бойынша адам саны -16948, Тасқала ауылы бойынша  8037 адам) электронды табло орнату орынсыз деп танылды.

Қайтыс болған шекарашы Жәнібек Телжановқа аурухана мамандары алгоритім бойынша көмек көрсеткенімен науқасты аман алып қалу мүмкін болмады. №837 сот-медициналық қорытындысы бойынша Ж.Телжановтың өлімінің себебі: «Острая коронарная недостаточность. Коронарокардиосклероз. Хроническая ишемическая болезнь сердца».

Ал, ауруханаға ауыр халде жеткізілген бір жарым айлық нәресте  Иманғали Алан Роланұлын аман алып қалу үшін облыстан  санитарлық авиация шақырылды. Алайда көрсетілген шұғыл-медициналық көмекке қарамастан сәби о дүниелік болды. Өліміне себеп болған: «Двухсторонняя бронхопневмония, острое течение ДН 2-3 ст. ППЦНС, гипоксическо-ишемического генеза, Отек головного мозга, судорожный синдром».

 Нәрестенің жағдайын толық деңгейде бақыламағаны үшін Достық ауылдық округіне қарасты Ынтымақ елді мекенінің фельдшері А.М.Маханға тәртіптік жаза ретінде қатан сөгіс берілді.

Аудандық аурухананың барлық құрылымдық бөлімшелеріне 5 жасқа дейінгі балаларды бақылау және респираторлық инфекциялардың алдын алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізу мақсатында дәрігерлер командасының шығуы ұйымдастырылды.

            2018 жылдың 9 ақпан күні  облыстан эндокринолог, кардиолог, гастроэнтеролог мамандары арнайы келіп, балаларға консультативтік көмек көрсетті.

Тасқала аудандық ауруханасының басшысы,

Г.КЕНЖЕШЕВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар