5.03.2018, 19:49
Қараулар: 6
«Тасқала аруы – 2018»

«Тасқала аруы – 2018»


           Аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Тасқала аруы — 2018» аудандық байқауы өтті. Оған барлық ауылдық округтерден тоғыз ару қатысты.


Сахна шымылдығы қатысушылардың «Үкілі кәмшәт» әніне би билеумен ашылды. Бұдан соң сайыскерлер үш кезен бойынша сынға түсті. Бірінші кезенде бейнебаян арқылы өздерін таныстырып өтсе, екінші кезеңде салт-дәстүрге қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Үшінші кезенде өз-өнерлерін ортаға салды.

Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені жеңіп алған Айгерім Дәулетова (Тасқала ауылдық округі «Бөбек» балабақшасы) «Тасқала аруы» атанды. І орынды Венера Нұрғалиева (Шежін ауылы) алса, ІІ орын Гүлфая Ғаппароваға  (Қосшы ауылы) бұйырды. Ал ІІІ орынға Гүлден Темірғалиева(Мерей ауылы) жайғасты.

Жеңімпаздарға дипломмен естелік сыйлықтар берілді. Қалған қатысушыларға да алғыс хат табысталды. Айта кетейік, алғыс хат алғандардың қатарында әріптесіміз Әсемгүл Бекешева да бар.

Е.ЕЛЕКЕНОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар