3.03.2018, 17:33
Қараулар: 111
Құрмет білдіретін күн

Құрмет білдіретін күн


Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.


Тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Міне атаулы күні Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Шын жүректен алғыс айтам» тақырыбымен Атамекен мен Амангелді ауылдары телекөпір өткізді. Тікелей эфирде екі ауыл бір біріне ризашылығын білдіріп, үлкендер бата берді. Ауыл өнерпаздары мен мектеп оқушылары мерекелік концертін ұсынып, көрермендерге тамаша көңіл күй сыйлады. Мереке соңында шақырылған қонақтарға шағын сыйлықтармен алғыс хат табысталды.

Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар