7.03.2018, 10:41
Қараулар: 281
Дайындық барысы пысықталды

Дайындық барысы пысықталды


Бүгін аудан орталығында көктемгі су тасқынын алдын алу мақсатында «Көктем — 2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті.


         Оған аудан әкімінің орынбасары А.Баяндықов пен төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы М.Шәуенов қатысып, көктемгі су тасқыны бола қалған жағдайда апатқа тосқауыл болатын техникалармен қажетті құралдарды толықтай тексеріп, аудан бойынша төтенше жағдайдың алдын алуға қаншалықты дайын екендерін көрді.

            Апатты жағдай орын ала қалған күнде жеке құрамның ешқайсысының әрекет жоспарларының жоқтығы анықталып, аудан әкімінің орынбасары тарапынан қатаң сынға алынды. А.Баяндықов бұл іске жауапты мамандарға ескерту жасап, кемшіліктерді тез арада жоюға тапсырма берді.

Е.ЕЛЕКЕНОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар