14.03.2018, 18:15
Қараулар: 351
Көшпелі көрме Тасқалада

Көшпелі көрме Тасқалада

 Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана қызметкерлерінің «Өткенді сақтай отырып, болашақты қалыптастырамыз» тақырыбындағы көшпелі кітап көрмесі Тасқала ауданында болды.


Аталмыш кітапхана директорының орынбасары Ж.Мақасованың айтуынша көрме «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында ұйымдастырылып, оқырмандарға жол тартты. Кітапхана қорында ХІХ-ХХ ғасырдағы өлке тарихына қатысты сирек және раритеттік басылымдар мен латын әліпбиі негізінде жарық көрген 1929-1940 жылдардағы әдебиеттер жинақталған.

Сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылардың қолтаңбалары мен сыйға тартқан шығармалары «Қазақстанның киелі жерлерін» насихаттайтын басылымдар бар.

Көрмені аудан ақсақалдары мен мектеп оқушылары тамашалап, өз ойларымен бөлісті.

Әсем СЕРІКҚАЛИ