28.03.2018, 14:51
Қараулар: 112
Қоғамдық кеңесте тыңдалды

Қоғамдық кеңесте тыңдалды

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында  Б.Тасмағамбетовтың төрағалығымен Тасқала аудандық қоғамдық кеңесінің  кезекті XXII  отырысы  өтті.

Оған аудан әкімі С.Әлиев, аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов және кеңес мүшелері  мен мекеме басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.


Кеңестің күн тәртібінде  «Тасқала аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №19-2 «»2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихат шешімінің жобасын  аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастембекова баяндады. Ал «Тасқала ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» әкімдік қаулысының жобасымен аудан әкімі аппаратының басшысы М.Мырзаш таныстырды.

Сондай-ақ,  күн тәртібіндегі үшінші мәселе «Тасқала ауданы мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту жөнінде мәслихат шешімінің жобасымен және Тасқала аудандық қоғамдық кеңесінің 2018 жылға жұмыс жоспарына өзгерістер енгізу жөнінде  аудандық мәслихат аппаратының басшысы Т.Ержігітова мәлімдеді.

Жиында сөз алған аудан әкімі С.Әлиев көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек ете келіп, кеңеске қатысушыларға   барлық тұрғындарға  өз  үйлерінің аумағын  қардан тазартып, су жүретін жолдарды аршу керектігін түсіндіруді тапсырды. Сонымен қатар  тасқалалықтарды қар аршу жұмыстарын қолға алу бағытында ұйымдастырылған сенбіліктерге атсалысуға шақырды.

Н.ЖАРДЕМОВА