28.03.2018, 17:05
Қараулар: 368
Спортта бақ сынады

Спортта бақ сынады

Аудандық БЖСМ 50 жылдық мерейтойына арналған баскетбол спорт түрінен жасөспірім қыздар мен ұлдар арасында біріншілік өткізілді. Екі күнге созылған додаға спортшылар үлкен дайындықпен келгенін көрсетті.


Нәтижесінде қыздар арасында БЖСМ құрамасы жеңімпаз атанды. Ал «Сәулет» мектеп-лицейінің командасы 2 орынға табан тіресе, БЖСМ-нің келесі құрамасы 3 орынды қанағат тұтты. Сондай-ақ «Үздік ойыншы» аталымы бойынша Г.Нығметова, «Үздік шабуылшы» аталымы бойынша  Б.Кужбанова, «Үздік қорғаушы» аталымы бойынша З. Дускалиева марапатталды

Ұлдар арасында өткен тартыста да БЖСМ құрамасы жеңіске жетіп, әдемі ойын көрсетті.Совхоз мектебі 2 орынды қаңжығасына байласа, Шипов мектебі 3 орынға жайғасты. Бұған қоса, А.Батыров «Үздік ойыншы», Б.Сағиден «Үздік шабуылшы» ал Ғ.Дәулетов «Үздік қорғаушы» атанды.

                                                                                                 Әсем Серікқали