2.04.2018, 19:41
Қараулар: 132
Су басу қаупі төніп тұр

Су басу қаупі төніп тұр

Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында қауіп төніп тұрған көшелер назарға алынуда. Бұл орайда тұрғындар арасына арнайы жасалған түсіндіру парақтары үлестірілді.


Естеріңізге салсақ, өзен көтерілген кезде пайда болатын су басу қаупі көптен айтылуда. Тіпті тұрғындар мен барлық мекеме қызметкерлер қайта-қайта сенбіліктер де ұйымдастырып, жол бойындағы арықтарды қардан тазалау жұмыстарын атқарған еді. Бүгінде, аудан әкімдігімен қоса, жастармен жұмыс жөніндегі орталық, ішкі саясат бөлімі мен жергілікті полициця қызметкерлерінен құралған түсіндіру тобы су басу қаупі төнген аймақтағы үйлерді аралады. Көктемгі ауа температурасының кенет көтерілуі мен қардың жылдам еру жағдайында қандай әрекет жасау керегін түсіндірді.

Жалпы эвакуация жайлы хабарлама алған кезде жасайтын әрекеттер аталып, құжаттар мен дәрілер жиынтығын құрғақ жерге сақтау тапсырылды. Сондай-ақ үй жануарларының да қауіпсіз болуы айтылды.

Әсемгүл СЕРІКҚАЛИҚЫЗЫ