3.04.2018, 9:50
Қараулар: 106
Жарыстан жүлдемен

Жарыстан жүлдемен

Бұқаралық спортты кеңінен дамыту мақсатында Орал қаласында шағын футбол спорт түрінен өткен додада жерлестеріміз жеңімпаз атанды.


«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында ұйымдастырылған сайысқа өңір бойынша 7 команда қатысып, өз мықтылықтарын танытып бақты. Сондай-ақ аталмыш жарыс салауатты өмір салтын насихаттау мен шұғылданушы спортшылардың шеберліктерін арттыру мақсатын көздеді.

Нәтижесінде аудан намысын қорғаған жерлестеріміз 1 орынан көрінсе, 2 орынға Сырым ауданы құрамасы жайғасты. Ал жүлделі 3 орынды Казталов ауданы командасы қанжығасына байлады.

Әсемгүл Серікқалиқызы