3.04.2018, 18:05
Қараулар: 391
Оркестр бас жүлдемен оралды

Оркестр бас жүлдемен оралды

Наурыз айының 29-31 аралығында оқушылар сарайының қолдауымен, «КҮНШУАҚ.кz» Қоғамдық Қорының ұйыдастыруымен Алматы қаласында республикалық «РАУАН» фестиваль-байқауы өткізілді.


Оған Мәншүк Самиева жетекшілік ететін аудандық балалар саз мектебінің ұлт аспаптар оркестрі қатысты. Қазақстанның 8 қаласынан келген оркестрлердің ішінен біздің оркестр топ жарып,  бас жүлдені иеленді. Олар О Дүйсеннің «Балдырған» және  Н.Тілендиевтің «Өз елім» (жеке дауыста Д.Мендалиев) әнін орындап әділқазылар алқасының әділ бағасына ие болды.

Сондай-ақ осы фестивальда  вокал номинациясы бойынша мектебіміздің оқушысы Дамильхан Мендалиев Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» және М.Магамаевтың «Синяя ветчность» әнін орындап бас жүлдені ( жетекшісі А.Файзуллина), фортепиано аталымы бойынша  Мерей ауылы саз мектебі филиалының даярлық топ оқушысы 7 жасар Әбіл Әбдірахман Қ.Қуатбаевтың «Әтештер биі» мен Г.Гурлиттің «Песса» шығармасын ойнап І орынды иеленді (оқытушысы Л.Бисембиева)

 

И.Жумакаева,

Саз мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары