11.04.2018, 11:53
Қараулар: 386
Үздіктер анықталды

Үздіктер анықталды

 Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жарияланғанына  бір жыл толуына орай аудандық мәдени-демалыс орталығында «Рухани қазына» атты фестиваль өтті.


 

М әдениет және өнер саласы майталмандарының жұмысын бағалаған фестивальде аудандық мәдени-демалыс орталығының «Days Sol» квинтеті «Халықтық» атағын алса, Шежін ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған «Балдырған» қуыршақ драма үйрімесі «Үлгілі» атағына қол жеткізді.

Сондай-ақ «Үздік ауылдық кітапхана» аталымын Ақтау ауылдық модельдік кітапханасы еншілесе, «Үздік аудандық кітапхана» аталымын  балалар кітапханасы алды.

Амангелді  ауылдық мәдениет үйінің сүйемелдеушісі Н.Беркінбаев «Ең үздік мәдени қызметкер» аталымын жеңіп алса, «Үздік аудандық мәдени қызметкер» аталымын аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздардың жұмысын дамытуға жауапты маман Д.Бекқалиев иеленді.

«Үздік ауылдық кітапхана қызметкері» аталымы ІІ Шежін ауылының кітапхана меңгерушісі М.Жұмашеваға бұйырса, «Үздік аудандық кітапхана қызметкері» аталымын аудандық кітапхана жүйесінің  библиографы Ш.Жұматова иеленді. «Үздік ауылдық мәдениет үйі» аталымын Шежін ауылдық мәдениет  үйі жеңіп алды.

Сонымен қатар 30 наурыз – 2 сәуір аралығында Алматы қаласында өткен V Халықаралық «Планета искусств» байқауына қатысып, ІІ орын алған  «Қиялдан» үлгілі би (Жетекшісі М.Дүйсенғалиева) ансамблінің бүлдіршіндеріне медаль мен диплом табысталды.

Айта кетейік, «Үздік» деп танылғандар 18-19 сәуір аралығында облыста бақ сынайды.

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ