11.04.2018, 16:27
Қараулар: 10
Рухани жаңғыру – ұлт қасиетін дәріптеу

Рухани жаңғыру – ұлт қасиетін дәріптеу

С.Жақсығұлов мектебі ұжымының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» форумы өтті. Оған қатысқан мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы аталмыш бағдарламаның мазмұнын талқылап, ой-пікірлерін көпшілікке ұсынды.


«Жас Ұлан» ұйымының гимнін салтанатты түрде орындаудан басталған шарада алғаш болып сөз алған мектеп директоры А.Қасымова жиынның мақсатын тілге тиек етті.

  • Біз күн сайын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын айтып жүреміз. Оны әркім әр түрлі түсінуі мүмкін. Дегенмен, мектебіміздің бетке ұстар шәкірттері мен ұстаздарының жеке пікірін білу үшін, ұлттық кодты кеңінен дәріптеу мақсатында осы басқосуды ұйымдастырып отырмыз. Баршаңызға қош келдіңіз деймін,- деді өз сөзінде Айгүл Қадырбайқызы.

Мұнан соң жиынға қатысушы әр топ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы тақырыптарындағы жұмыстарын слайд арқылы таныстырып, пікірлерін көптің талқысына ұсынды.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА