11.04.2018, 17:43
Қараулар: 9
Жүлдемен оралды

Жүлдемен оралды

Сәуірдің 6-7 күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасының авторлық әндер жанрына қолдау көрсету, жастардың шығармашылық шеберліктерін шыңдау мақсатында  «Струнная капель- 2018» фестивалі  өтті.


Мұнда әр облыстан келген 16-18 жас аралығындағы жас бард әншілер өз өнерлерін көрсетіп, бақ сынасты.  Аталмыш байқауға біздің ауданнан Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің 11 сынып оқушылары Райымбек Губайдуллин мен Мақсат Тасболатов  қатысып, бард әндерін орындау аталымы бойынша жүлделі І орын, қазақ әндері аталымы бойынша жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Байқауда өнерпаздар ән айтумен қатар гитарада ойнау шеберліктерін көрсетті.

Әсем Серікқали