11.04.2018, 18:01
Қараулар: 22
Су деңгейі төмендеп, қауіп сейілді

Су деңгейі төмендеп, қауіп сейілді

Ауа райының тез жылынуына байланысты кеше кешкісін  ІІ Шежін ауылында еріген қардан ауыл ішіндегі сай суға толды.


Бұл — жылда қайталанатын жағдай. Бірақ соны қызық көрді ме ауылдың бір тұрғыны мектепке баратын айналма жолмен жүрмей өз қайығына отырып баласын тіке алып шыққан. Ол видео әлеуметтік желіге тарап,  біраз дүрбелең туғызды. Сондықтан кез-келген істі жасамас бұрын әуелі ойланып барып істеген дұрыс шығар. Ал кешкісін Шежін өзеніндегі су деңгейі 711  көтеріліп, ол тек бүгін , яғни 11 сәуір күні сағат 8 де 5 см ге төмендеді.  Бірақ өзен арнасынан су шыққан жоқ дейді ауыл әкімі Талғат Шакиров. Оның айтуынша қазіргі уақытта барлық шаралар қолға алынып, жергілікті әкімдіктің ұйымдастыруымен судың жүретін  бағыты жырылып, сегіз сағаттың ішінде 750 текше метр су сорылған.  Сағатына 90 текше метр су сорып тұрмыз. Өзендегі су деңгейі төмендеді. Тұрғындарға  қауіп жоқ  дейді ауыл басшысы.

Назгүл Серікқызы