12.04.2018, 18:26
Қараулар: 112
Ұстаздар жылдық шараны қорытындылады

Ұстаздар жылдық шараны қорытындылады

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында атқарылған шаралар жайында мектеп мұғалімдері бас қосып, пікір алаңын ұйымдастырды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қолға алынуына бір жыл толуға арналған жиын Жақсығұлов мектебінде өтті.


Аталмыш бағдарлама аясында қандай жоспар құрылып, неңдей шара ұйымдастырылды? Оның мектеп қабырғасында жүрген балаға берері не?

Отырысқа қатысқан ұстаздар қауымы жоғарыдағы сұрақтарға жауап берді. Аудан бойынша «Тәрбие және білім» кіші бағдарлама төңірегінде 28 шара өтсе, «Отаным-тағдырым» базалық бағытта 10 іс-шара ұйымдастырылып, 1236 адам қамтылған. Бұл орайда көпшілікке атамекенге деген махаббатты дәріптеген «Отаным-тағыдырым» тақырыбында аудандық «Жас Ұлан» ұйымының форумы өткізілген. Айналасына патриоттарды жинаған шара туған жердің тарихынан өзге, ел болашағы, тіл тағдыры секілді мәселелерді қозғады. Сондай-ақ жыл бойына «Саналы азамат» базалық бағытта оздырылған 5 шара барлығы 91 адамды қамтыған. Онда азаматтық-патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие мәселесі көтеріліп, елдің өркендеуіне үлес қосу жайы да айтылды.

Жиынға қатысқан әр мұғалім мектепте өткен шараның жан-жақтылығы мен маңыздылығына тоқталды. Біреулері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өлкетану, тарих мәселесін шешуге жол ашады десе, енді біреуі кез-келген шара баланың тәрбиесіне үлес қосуға арналсын деді. Алайда аталмыш бағдарлама бойынша ұйымдастырылатын отырыстар оқушының зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуына жағдай жасайды дегенге барлығы бір ауыздан тоқтады.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА