13.04.2018, 17:46
Қараулар: 18
Ел есіндегі тұлға

Ел есіндегі тұлға

Аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Алаш қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың өмір жолын насихаттаған пікір-талас алаңы өтті.


Ел тарихына елеулі із қалдырған тұлғаның 120 жылдығына арналған жиын ұлт зиялылары ұстанған бағытты түсіндіру, жастар бойында патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатын көздеді.

Мектеп оқушыларының қатысуымен өткен шарада қайраткердің өмір жолы кеңінен айтылып, оның тарихи тұрғыдан тиісті бағасын алмағаны талқыланды. Алдымен «Ұрпақ жадында жаңғырар есім» атты кітап сөресі көпшілік назарына ұсынылса, артынша бейнебаян көрсетілді. Сондай-ақ поэзия әлемінен сәлемдемелер ұсынылды. Жалпы шара туралы «Сәулет» мектеп-лицейінің оқушысы Т.Мурсенова:

  • Жанайдар Сәдуақасов туралы білдік. Оның ел үшін атқарған қызметін, халқының игілігіне арнасам деген арманын білдік. Негізі халқымызда дара тұлғалар баршылық, алайда бәрі бірдей айтылып жатпайды. Біз, мектеп оқушылары, осындай тұлғалардың өмір жолын көбірек білсек деп тілейміз. Өйткенібұл – тарих және ол біздің болашағымызды шешеді. Шараны ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін,- деді.

С.Д.Киреева,

Тасқала аудандық кітапханасының меңгерушісі