16.04.2018, 11:20
Қараулар: 420
Ерлігі ескерілді

Ерлігі ескерілді

Аудандық №13 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері А.Нажмиддинов  былтырғы жылдың желтоқсан айында 1млн.теңге тауып алып, оны иесіне қайтарып берген болатын.


Осыған орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің  № 56 бұйрығымен оған  азаматтық қорғау сержанты атағы  берілді.

Шенді салтанатты түрде табыстаған аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы М.Шауенов пен №13 өрт сөндіру бөлімінің басшысы Б.Қонатаров Аманбай Нажмиддиновтың жұмысына сәттілік тіледі.

Е.ЕЛЕКЕНОВ