18.04.2018, 15:20
Қараулар: 6
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық»

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық»

«Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында Тасқала колледж студенттерімен  кездесу өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімнің бас маманы Ж.Аспандьярова бағдарламаның мақсатын айтып, қазақ тілінде жарық көрген оқулықтарды таныстырды.


Рухани жаңғыру бағдарламасы шеңберінде көптеген шаралар қолға алынып, жүзеге асуда. Әсіресе ұлттық құндылықтарға аса мән берілуде. Бұл орайда «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасы қолға алынды. Бүгінгі таңда барлығы 18 кітап қазақ тіліне аударылды. Оның ішінде 1 орыс, 1 француз және 16 ағылшын тіліндегі кітаптар бар. Көпшілігі студенттерге арналған философиялық бағыттағы әдістемелік құралдар болып табылады, -деді Жанаргүл Қайырғалиқызы.

Сондай-ақ колледж оқытушылары М.Шайхиев пен А.Сапаров аталмыш бағдарламаға орай жүзеге асқан шараларға назар аудартып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Әсем Серікқали