25.04.2018, 10:20
Қараулар: 395
«Кәсібім — нәсібім»

«Кәсібім — нәсібім»

Осындай атаумен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында С.Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте семинар-тренинг өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары А.Баяндықов, ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Мүсәлімова, кәсіпкерлік бөлімнің басшысы Қ.Тәшімов, жергілікті кәсіпкерлер және жоғарғы сынып  оқушылары қатысты.


Семинарда сөз алған А.Баяндықов оқушыларға мамандық таңдауда қателеспеу қажеттігін айтып, алдағы уақытта жеке кәсіпкерлікке бет бұрып, аудан экономикасының дамуына өз үлестерін қосатындарына сенім білдірді.

Мұнан соң кәсіпкерлер Қ.Тасқалиев, С.Шотанов, Ж.Жамансарив жеке кәсіппен айналысу үшін адамға ең бірінші табандылық қажет екенін, бастаған кәсібіңді жарты жолда тастап кетпес үшін адамға алдымен төзімділік керектігін жеткізді.

  • Біз алғаш кәсіп бастаған кезде мемлекет тарапынан қазіргідей қолдау болмаған еді. Көптеген қиыншылықтарға тап болсақ та кәсібімізді тастамай оны дамыту жолында аянбай тер төктік. Соның нәтижесінде бүгінде белді кәсіпкерлердің бірі болдық. Ал қазір «жеке кәсіппен айналысам» деген адамға мемлекет үлкен қолдау білдіріп отыр. Сендер жассыңдар, жігерлісіңдер, сондықтан еш мойымай кәсіппен айналысыңдар, — десті олар.

Е.ЕЛЕКЕНОВ