27.04.2018, 20:01
Қараулар: 377
Ынтымақ күніне

Ынтымақ күніне

Ел ішіндегі түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттыру, ұлтаралық достықты нығайту мақсатында 1-мамыр, халықтар достығы күніне, арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталмыш басқосудың өтуіне аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен «Намыс» ЖҚБ мұрындық болды.


 Ауданымызда тұратын орыс және авар ұлтының өкілдері шарада тағылымды әңгіме өрбітті. Тасқалада туып өспесе де, бүгінгі күні бұл жерді ештеңеге айырбастамастарын айтты.

Авар ұлтының өкілі М.Гаджимов өз сөзінде ислам дінін ұстанатыын, ұлдарына 7 жасынан бастап намаз үйреткенін тілге тиек етті.

  • Қазақстанға бала күнімде ағама ілесіп келгенім бар. Бір көргеннен бауарп алған жерде өмір сүру сол кездегі бала арманыма айналды. Әскерде қызметімді өтеп келген соң осы жаққа көшіп келдім, отбасылы болдым. Балаларым қазақ тілінде сөйлейді, ұлттық дәстүрлерді ұстанады. Мен Қазақстанмен мақтанамын, біздің осы күнге жетіп отырғанымыз елбасымыздың арқасы екенін айтқым келеді,- деді Магомед Гаджимов.

Бұдан өзге сөз алған шара қонақтары да қазақ халқының бауырмалдық қасиетін әңгімеледі. Тыныштық мен бірлік орнаған заманда қандай ұлт пен дін өкілдері болса да бір-бірін сыйлап, құрметтеу керек десті.

Әсемгүл СЕРІКҚАЛИҚЫЗЫ