28.04.2018, 17:02
Қараулар: 145
Додадан олжамен…

Додадан олжамен…

Орал қаласындағы Д.Елеусінов атындағы спорт кешенінде облыстық ІХ жазғы спартакиада өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттаған дода мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің басын қосты.  Оған аудандар мен қатар Орал қаласының намысын қорғаған спортшылар қатысып, өз мықтылықтарын танытып бақты.

Екі күнге созылған жарыс нәтижесінде жерлесіміз Талғат Ажғалиев 110 кг салмақта бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрінді. Ал 51 кг салмақта сынға түскен Ернар Сағынгереев жүлделі 3 орынға табан тіреді.

Әсем СЕРІКҚАЛИ