28.04.2018, 19:07
Қараулар: 16
«Би – ғажайып әлемі»

«Би – ғажайып әлемі»

Тура осындай атаумен халықаралық би күніне арналған шара аудандық мәдени-демалыс орталығында ұйымдастырылды. Кеш барысында республикалық, халықаралық байқауларда жүлдегер атанып жүрген «Жібек жолы» мен «Қиялдан» би тобының мүшелерінің өнерлері тамашаланды.


Көпшілікке біліне бермейтін философиялық ой, өзіндік мәні бар өнердің қыры да мол. Би мерекесінің халықаралық деңгейде аталып, айналасына таланттарды жинауының да сыры осыда болса керек. Сахнаға көтеріліп, сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Д.Ғазез аталмыш өнерге үлкен бағасын берді.

  • Әсемдік пен сұлулыққа үйрететін өнер саласы деп есептеймін би өнерін. Жасөспірімдер түгілі, мектеп табалдырығын енді аттаған бөбектердің сахнада өзін ұстауын, жүрісін тәрбиелеген де осы өнер. Сіздерге би әлемінің жарқын болашағын тілеймін, — деді. Мұнан соң аталмыш салаға қолдау көрсетіп отырған бір топ өнерпаздардың ата-анасына аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиеваның алғыс хатын табыс етті.

Сондай-ақ мерекелік кеште «Айкөркем», «Айжұлдыз», «Сұңқар» және «Сымбат» тобы биден шашу шашты.

Әсем СЕРІКҚАЛИ