4.05.2018, 17:59
Қараулар: 385
Әскери қызметке қызыққанмен…

Әскери қызметке қызыққанмен…

Жастар бойында ұлтжандылық сезімді қалыптастыру, туған жер, атамекен ұғымының мәнін кеңінен түсіндіру мақсатында Қазақстан Қарулы Күштері күні аясында «Айбын» әскери-патриоттық жиыны өтіп, оған мектеп қабырғасындағы оқушылар белсене қатысты.


Шара барысында сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Д.Ғазез әскери қызметтің жауапкершілігін тілге тиек етті.

  • «Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер, ер басына күн туса, етігімен су кешер» деген халықтың ұрпағымыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болған күнде де біздің осал болуға қақымыз жоқ. Халықтың амандығы мен болашағы қай кезде де ер-азаматтардың қолында болған, солай бола да береді. Бүгінгі өтіп жатырған шара жастар бойына ұлттық рухтың дәнегін себуі қажет. Осы тұрған әр жас буын өзін елімінің ертенімін деп сезінуі қажет. Әсіресе болашақта әскери қызметте жұмыс жасауды армандайтын жастар жауапкершілік пен парыз, міндет пен абырой деген дүниелер жайлы ойлануға тиіс. Өйткені бір уақыт қызық болып көрінетін мамандықтың қиындығынан бұрын, жауапты екенін естен шығарып алмайық,- деді Думан Ғазез.

Мұнан соң Тасқала шекара комендатурасы коменданттың орынбасары  Д.Жапбасбаев жиналғандар назарына шекарашылар дайындаған көрмені ұсынды. Сондай-ақ сақшы иттердің көрсеткен өнерлері тамашаланды.

Әсем СЕРІКҚАЛИ