14.05.2018, 18:10
Қараулар: 5
Баймағамбетовтың жүлдесіне арналды

Баймағамбетовтың жүлдесіне арналды

Дзюдо күресінен халықаралық дәрежедегі төреші, КСРО спорт шебері К.Баймагамбетовтың жүлдесне арналған  жасөспірімдер арасында тартысты дода өтті.


Жарысқа    Орал қаласынан «Жекпе-жек» спорт мектебі мен  №4 БЖСМ, Казталов ауданы мен тасқалалық спортшылар қатысты.

Нәтижесінде 23 келі салмақта тасқалалық А.Бисен, 26 келіде тасқалалық А.Бекмурзин, 29 келіде Орал қаласындағы «Жекпе-жек» спорт мектебінің тәрбиеленушісі Н.Амандық, 32 келіде тасқалалық А.Бекмурзин, 35 келіде «Жекпе-жек» спорт мектебінің палуаны Б.Галиев, 38 келіде Орал қөаласынан келген №4 БЖСМ палуаны А.Әділетов, 42,46 және 50  келіде «Жекпе-жек» спорт мектебінің палуандары  Қ.Самиғулла мен Е.Исмагуло және М.Динши жүлделі бірінші орынға ие болды. Ал 50 келіден жоғары салмақта №4 БЖСМ палуаны А.Мусретов бірінші орынға табан тіреді.

Назгүл СЕРІКҚЫЗЫ