14.05.2018, 18:54
Қараулар: 124
Құранды жатқа оқудан бақ сынасты

Құранды жатқа оқудан бақ сынасты

Рамазан айы аясында Ұлы Жаратушыны дәріптейтін, қасиетті айды ұлықтайтын  бастамашыл игі шаралар атқарылды. Соның бірі «Құран – мәңгі мұғжиза» сайысына облыс көлемінен келген қатысушылар құранды мәнерлеп оқудан бақ сынасты.


«Руханият» қоғамдық бірлестігі мен аудандық мұсылмандар мешітінің ұйымдастырумен облыстық мешіт жамағатының қолдауымен өткен шараға Ақжайық, Сырым және көршілес Зеленов ауданынан үміткерлер қатысты.

Алдымен жұма намазына жиналған жамағатқа облыстық мешіттің найб имамы  ораза ұстаудың жалпы ережелері мен оның сауабын, қасиетті айды толық құлшылықпен өткізудің жолдарын түсіндірді. Мұнан соң, қатысушылар арнайы дайындалған билеттегі құран сүрелері мен аяттарын мәнерлеп оқыды.

Нәтижесінде І орын ақжайықтық Д.Доскалиевке, ІІ орын сырымдық Қ. Тынымға, ІІІ орын зеленовтық А.Мақсутовқа бұйырды.

Б.Шакаев,

«Руханият» қоғамдық бірлестігінің төрағасы